Елімізде бір апта ішінде азық-түлік бағасы қалай өзгерді

166

Картоптың ел бойынша орташа бағасы килограмына 217 теңгені құрады. 

Елімізде бір апта ішінде азық-түлік бағасы қалай өзгерді Фото: inbusiness.kz

Қазақстанда бір апта ішінде бірқатар әлеуметтік маңызы баразық-түлік өнімдерінің бағасы төмендеді. Әсіресе картоп, пияз және қырыққабат арзандады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұлттық статистика бюросының 9 қыркүйектегі мәліметі бойынша, картоп 6,9%-ға, пияз – 5,9%-ға, сәбіз – 4,5%-ға арзандады.

Сондай-ақ алма – 0,8%-ға, нан – 0,4%-ға және ірімшік – 0,3%-ға шамалы төмендегені байқалды. 

Бұл ретте бірінші сортты бидай ұны, рожки, сүт және сүзбе (творог) бағасы бір апта ішінде өзгерген жоқ.

Картоптың ел бойынша орташа бағасы килограмына 217 теңгені құрады. Ең қолжетімді картоп Павлодарда – килограмы 152 теңге, сондай-ақ Қостанайда – 184 теңге болып тіркелді.

Пияздың орташа бағасы килограмына 156 теңге болды. Ең төменгі баға да Павлодар қаласында байқалды – 123 теңге.

Сәбіздің орташа құны килограмына 227 теңгені құрады, ал Павлодарда оны орта есеппен 146 теңгеден сатты.

Қызанақ (помидор) ел бойынша орта есеппен килограмы 586 теңге тұрды, ал ең төменгі баға Таразда тіркелді – 347 теңге.

Қазақстан бойынша сүйекті сиыр етінің орташа бағасы килограмына 3 819 теңгені, тауық еті 1 747 теңгені құрады.

Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің жалпы баға деңгейі бір апта ішінде Астана, Атырау, Жезқазған, Қызылорда, Өскемен, Семей және Түркістанда 0,1%-ға төмендеді. Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Таразда бағалар өткен аптаның деңгейінде қалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу