Ресми өкіл өткен аптада елімізде 3 371 мың қылмыс тіркелгенін айтты, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі.
"3 371 қылмыстың 2 145-і бір тәулік ішінде ашылды", – деді Нұрділдә Ораз.
Оның айтуынша, полиция қызметкерлері 10 кісі өлтіру қылмысын ашқан.
"Бұған қоса 5 қарақшылық, 39 тонау және 489 бөтен мүлікті ұрлау қылмысы ізі суымай анықталды", – деді Нұрділдә Ораз.
Қанат Махамбет
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу