Елімізде бір күнде 5 орман өрті тіркелді

383

2026 жылғы 10 шілдеде еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында 5 орман өрті тіркелді.

Елімізде бір күнде 5 орман өрті тіркелді Фото: canva

Өңірлер бойынша:
• Қостанай облысы - 1 өрт;
• Павлодар облысы – 1 өрт;
• Катон – Қарағай МҰТП– 1 өрт;
• "Семей орманы" МОТР - 1 өрт;
• "Жасыл Аймақ" РМК – 1 өрт.
 
Бүгінгі өрт ошақтары "Қазавиаорманқорғау" РМҚК-ның әуе патрульдеу барысында және ерте анықтау жүйелері арқылы анықталып, орман күзеті мен "Қазавиаорманқорғау" РМҚК-ның әуе өрт сөндіру десанттары аз уақыт ішінде оқшаулау жұмыстарына кірісті. 

Арнайы техникалар мен тікұшақ жұмылдырылып нәтижесінде аумаққа таралу қаупінсіз өрт ошақтары жедел сөндірілді. Республика бойынша аптап ыстықтың күтілуіне байланысты өрт қауіпті кезеңде табиғат аясында демалушыларды өрт қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу