Елімізде бір тәулікте 2,5 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды

704

187 науқас өте ауыр халде жатыр.

Елімізде бір тәулікте 2,5 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды

Өткен тәулікте СOVID-19 вирусын тағы 2433 адам жұқтырғаны белгілі болды. Сондай-ақ, ауырып жатқандардың 3210-ы сауыққандардың қатарына қосылыпты, деп хабарлайды inbusiness.kz. ВАК таратқан хабарламаға сүйеніп.

Елге індет келгелі ауруды жұқтырғандардың жалпы саны 366 481-ге жетті.  Олардың 327 026-ы жазылған. 

20 мамырдағы мәлімет бойынша, 35 846 адам коронавирус инфекциясынан (35 314 КВИ+ және 532 КВИ-) емделіп жатыр.

"Олардың ішінде 13 265 пациент стационарда, 22 581 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 742 адамның жағдайы ауыр, 187 пациенттің жағдайы өте ауыр, 107 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - деп жазылған хабарламада.

COVID-19 белгілері бар пневмония туралы дерекке тоқталсақ, 2021 жылғы 18 мамырдағы мәлімет бойынша 105 жаңа жағдай тіркеліпті, 78 адам аурудан жазылған.

Айта кетсек, елімізде бүгінге дейін 1 923 303 адам індетке қарсы екпе алған. Дегенмен ауру жұқтырудың тәуліктік көрсеткіші ахуалдың соншалық жақсы еместігін көрсетіп отыр. 8 өңір "қызыл белдеуден" түспеген. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды  облыстары аурудың таралу қарқыны жағынан қауіпті аймақ саналып отыр.

"Сары аймақта" Алматы, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстары, ал "жасыл аймақта" Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу