Елімізде бір тәулікте 2641 адамнан коронавирус анықталды

615

2002 науқас емделіп шықты.

Елімізде бір тәулікте 2641 адамнан коронавирус анықталды

15 сәуірдегі мәлімет бойынша, 36 436 адам короновирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде 12 451 пациент стационарда, 23 985 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап. 

Ал өткен тәулікте індет 2641 адамнан анықталған. Соның ішінде 657 жағдай Алматы қаласында тіркеліп отыр. Одан кейінгі орында астана тұр, бас қалада бір тәулікте 650 адамнан анықталып отыр. Үшінші мегаполис – Шымкентте 111 адам тіркеліпті.

Өзге де өңірлер: Ақмола облысында – 85, Ақтөбе облысында – 109, Алматы облысында – 220, Атырау облысында – 113, Шығыс Қазақстан облысында – 95, Жамбыл облысында – 38, Батыс Қазақстан облысында – 117, Қарағанды облысында – 202, Қостанай облысында – 28, Қызылорда облысында – 65, Маңғыстау облысында – 52, Павлодар облысында – 45, Солтүстік Қазақстан облысында – 26, Түркістан облысында 28 адамнан ауру анықталған.

Сондай-ақ, өткен тәулікте 2002 адам емделіп, сауыққандардың қатарына қосылды.

Айта кетсек, елімізде індеттің алғашқы жағдайы тіркелгелі бері оны жұқтырғандар саны 278695-ке жетіп отыр.

"КВИ+, КВИ-  шалдыққандардың арасында 591 адамның жағдайы ауыр, 172 пациенттің жағдайы өте ауыр, ал 127 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр",– дейді олардың жағдайына қатысты Денсаулық сақтау министрлігінен. 

Бүгінде COVID-19 жұқтырғандардың 239448-і дерттен айығыпты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу