Елімізде бір тәулікте 4 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды

1333

Коронавирус пен пневмониядан 41 адам көз жұмды.

Елімізде бір тәулікте 4 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда 4 мыңға жуық адамнан COVID-19 вирусы анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 3 899 жағдайы тіркелген. Пандемия басталғалы бері елімізде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 458 725-ке жетті.

Қазақстанда 1 491 адам коронавирус инфекциясынан жазылды. Осылайша, Қазақстанда 413 498 адам COVID-19 вирусынан айықты.

12 шілдедегі мәлімет бойынша 41 980 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр.

"Олардың ішінде 13 568 пациент стационарда, 28 412 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 815 адамның жағдайы ауыр, 189 пациенттің жағдайы өте ауыр, 126 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ коронавирус пен пневмониядан 41 адам қайтыс болды.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:

"Қызыл аймақта": Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстары;

"Сары аймақта": Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан  облыстары;

"Жасыл аймақта": Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.

Айта кетейік, Қазақстанда COVID-19-ға қарсы вакцинаның I компонентін 4 372 235 адам, II компонентін 2 442 715 адам салдырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу