Елімізде бір тәулікте 5 222 адамнан коронавирус анықталды

704

Өңірлердің басым бөлігі әлі "қызыл аймақта" тұр. 

Елімізде бір тәулікте 5 222 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда COVID-19 жұқтырудың 5 222 дерегі тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте 5 222 адамнан коронавирус анықталған. Пандемия басталғалы бері елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 785 149-ға жетті.

4 938 адам коронавирустан айықты. Осылайша, елімізде барлығы 667 096 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:

"Қызыл аймақта": Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.

"Жасыл аймақта": Түркістан облысы.

Елімізде коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 6 611 018 адам, екінші компонентін 5 339 029 адам салдырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу