Елімізде бір тәулікте 6 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталды

869

Коронавирус пен пневмониядан 74 адам қайтыс болды.

Елімізде бір тәулікте 6 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталды

Елімізде өткен тәулікте COVID-19 вирусын жұқтырудың 6 мыңнан аса дерегі тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте 6 119 адамнан коронавирус анықталған. Осылайша, елімізде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 516 117-ге жетті.

Сондай-ақ Қазақстанда 2 427 адам коронавирустан айықты. Пандемия басталғалы бері 441 437 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

23 шілдедегі мәлімет бойынша 71 221 адам коронавирус инфекциясынан (69 436 КВИ+ және 1 785 КВИ-) емделіп жатыр.

«Олардың ішінде 21 096 пациент стационарда, 50 125 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 1 258 адамның жағдайы ауыр, 274 пациенттің жағдайы өте ауыр,
166 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар коронавирус пен пневмониядан 74 адам көз жұмды.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:

«Қызыл аймақта»: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары аймақта»: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирусқа қарсы  вакцинаның бірінші компонентін 5 054 970 адам, екінші компонентін 3 075 907 адам салдырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу