Елімізде бірегей өрт сөндіру депосы құрылады

183

Оның құрамына өрт сөндірушілер, медицина қызметкерлері мен құтқарушылар кіреді. 

Елімізде бірегей өрт сөндіру депосы құрылады Фото: gov.kz

Елімізде ТЖ-ға дайындықты күшейту бойынша шаралар қабылданып жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біріншісі – құтқарушылардың арнайы киім-кешекпен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету қайта қаралуда. Сатып алынатын нысанды киімі сапалы және тапсырмаларды орындауға ыңғайлы қимыл қозғалысқа қолайлы болуы көзделеді. Екіншіден, сапалы арнайы автомобильдер мен инженерлік техникалар, оның ішінде жүзу құралдарын, ұшақтар мен тікұшақтар сатып алу жүзеге асырылатын болады. Біз ұшқыштарды түнде және қолайсыз ауа-райы жағдайында ұшуға оқытып үйретуді жоспарлап отырмыз. Үшіншіден, күштер мен құралдарды төтенше жағдайларды жоюға жедел үйлестіру үшін министрліктің командалық орталығы жаңғыртылып, заманауи құралдармен жабдықталды", - деді Шыңғыс Әрінов.

Министрі өрт сөндірушілер, медицина қызметкерлері мен құтқарушылар бір жерге орналасқан бірегей өрт сөндіру депосы құрылатынын айтты. Бұл шұғыл әрекет етуді арттыруға және азаматтарды дер кезінде құтқару шараларын қабылдау мүмкіндігін береді, деді ведомство басшысы.

Бұдан бөлек Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті құрылып, оған бақылау функциялары берілді. Енді халықты төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындамағаны үшін әкімшілік шаралар қабылданбақ.

"Бесіншіден, су тасқынынан зардап шеккен шығынның көлемін ескере отырып, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп мүлікті төтенше жағдайлардан сақтандыру механизмі пысықталуда. Алтыншыдан, өңірлерде қорғаныш бөгеттері мен дуалдарын тұрғызу және оларды нығайту сияқты алдын алу іс-шаралары жүргізілуде, өзендердің қауіпті учаскелерінде су түбін тереңдету және жағалауды нығайту жұмыстары іске асырылуда", - деп қорытындылады министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу