Елімізде бірқатар мәдениет ұйымының шығынына төленетін субсидия мөлшері азаяды

521

Ашық НҚА порталында мәдениет ұйымдарына төленетін субсидиялар мөлшеріне өзгерістер енгізу туралы бұйрық жарияланды. 

Елімізде бірқатар мәдениет ұйымының шығынына төленетін субсидия мөлшері азаяды Фото: Baigenews.kz

Құжатқа сәйкес республикадағы 4 мәдениет ұйымының шығындарына мемлекет тарапынан төленетін субсидия мөлшері азаймақ, деп жазады inbusiness.kz.

"Театр билеттері бағасының өсуіне байланысты ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында Наталия Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының билеттерін сатудан түскен өз табысы ұлғайды. Даму жоспарының түзетуіне сәйкес өз табысын асыра орындаудың нәтижесінде пайыздық арақатынас 15% құрады. Осыған байланысты өз қаражаты мен республикалық бюджет қаражаты арасындағы нақты арақатынасты белгілеу мақсатында шығыстарды жабуға арналған субсидиялар мөлшерін 90%-дан 85%-ға азайту ұсынылады", - делінген бұйрықта.

"Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымына" берілетін субсидиялар мөлшерін 93%-дан 91%-ға азайту ұсынылады. Себебі бұл ұйымның залды жалға беру есебінен табысы ұлғайған. 

Бұдан бөлек Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына берілетін субсидиялар мөлшерін 95%-дан 94,8%-ға, ҚР Ұлттық музейінің шығыстарын жабуға арналған субсидиялар көлемін 95%-дан 94,8%-ға азайту ұсынылады.

Бұйрықты жария талқылау мерзімі 6 желтоқсанға дейін деп көрсетілген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу