Елімізде бірқатар пойыз кестесіне өзгерістер енгізіледі

668

Елімізде бірқатар пойыз кестесіне өзгерістер енгізіледі

Елімізде бірқатар пойыз кестесіне өзгерістер енгізіледі.  2018-2019 жылдарға арналған жаңа кесте  9 желтоқсаннан бастап жұмыс істейді.

"Жолаушылар тасымалы" мамандары таратқан ақпарат бойынша, "Ресей Темір Жолдары" компаниясына тиесілі  пойызын "Қарағанды-Томск-2"  бағытында  күнара жүруді жолға қою жоспарланған. Ал,  Бейнеу - Атырау - Қиғаш арқылы "Ташкент - Мәскеу" қатынасындағы пойызы аптасына бір рет жүретін болады.

Сонымен қатар,  жол жүру уақытын 4 сағатқа қысқарту және жылдамдықты арттыру есебінен "Алматы-2 - Маңғыстау" бағытында қатынайтын №377/378 пойызын жеделдету туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ, 2019 жылдың 2 қаңтарынан "Алматы-2 - Орал" бағытындағы №49/50 пойыздың жүру жолы өзгереді. Енді пойыз  Астана - Тобыл станциясы арқылы жүреді.

Бұдан бөлек, Астана - Алматы, Алматы – Семей, Алматы - Шымкент және Алматы - Түркістан арасында қатынайтын пойыздардың жиілігі күнара болып ауыстырылды.

Толық ақпаратты "105" анықтама нөмірінен біле аласыздар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу