Елімізде бірқатар пойызға "фирмалық" статус берілді

564

Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ хабарлады. 

Елімізде бірқатар пойызға "фирмалық" статус берілді Фото: CaspianLife

10 ақпаннан бастап "Жолаушылар тасымалы" АҚ №37/38 "Маңғыстау – Семей" және №77/78 "Алматы – Маңғыстау" пойыздары "фирмалық" статуспен жолға шықты, деп жазады inbusiness.kz.

"Бұл пойыздарда әр жолаушы үшін гигиеналық және шай жиынтығы қарастырылған. Пойыздардың құрамында вагон-мейрамханалар да бар. Пойызға "фирмалық" санатты теміржол көлігі саласындағы уәкілетті орган береді", - делінген хабарламада.

Бұдан басқа ұлттық тасымалдаушыда №9/10 "Астана – Алматы" және №47/48 "Атырау – Астана" екі фирмалық жолаушылар пойызы да бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу