Елімізде бірнеше әлеуметтік маңызы бар тауар бағасы өсті

550

Ет, күріш және көкөніс бағасы 2 есе қымбаттаған. 

Елімізде бірнеше әлеуметтік маңызы бар тауар бағасы өсті Фото: www.nur.kz

Биыл әсіресе күріш, ет және көкөністер 2 есеге дейін қымбаттаған. Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйенсек, бір жылда ақ күріштің құны 42,3 пайызға шарықтады.

Қияр шамамен 40 пайызға, пияз – 34,3, макарон – 33,9, ал сүттің бағасы 27,2 пайызға өсіпті.

Еттің бағасы да көңіл көншітпей тұр. Бүгінде дүкен сөрелерінде тауық еті 1 426 теңгеден сатылып жатыр. Оның былтырғы құны 20 пайызға арзан болған еді. Дегенмен қымбатшылыққа тойтарыс беріп жатқан өнімдер де бар. Мәселен, картоп 14 пайызға, ал сәбіз 18 пайызға арзандаған екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу