Елімізде бірыңғай аграрлық салықты бекіту ұсынылды

859

Ауыл шаруашылығы министрлігі 400-ден аса түзету жасаған құжатты парламент осы күзде мақұлдаса, шаруалардан алынатын алым 2020 жылы енгізілуі мүмкін.

Елімізде бірыңғай аграрлық салықты бекіту ұсынылды

Елімізде бірыңғай аграрлық салықты бекіту ұсынылды. Мұндай бастаманы қоғам белсендісі Мұрат Тайжан Астанада басталған агроөнеркәсіп кешені форумында көтерді. Сондай-ақ ол тек Қазақстан тұрғындары үшін жекеменшік мүлік институтының орнына жалға алу институтын енгізу керектігін айтты. Оған қоса, жерді жерсерік арқылы бақылауды заңдастыруды ұсынды. Форумға жиналғандар оны толық қолдады, деп хабарлайды Atameken Business.

Жалпы, Қазақстанда аграрлық салықтың пайда болатыны туралы осыған дейін де айтылған. Ауыл шаруашылығы министрлігі 400-ден аса түзету жасаған құжатты парламент осы күзде мақұлдаса, шаруалардан алынатын алым 2020 жылы енгізілуі мүмкін.

Айта кетейін, Астанада өтіп жатқан шара аясында агросекторға қажет құрал-жабдықтар қойылған халықаралық көрме басталды. Оған Венгрия, Германия, АҚШ, Қытай сынды әлемдегі ауыл шаруашылығы озық мемлекеттен 300-ге жуық компанияның техникалары қойылған. Солардың бірі – "ҚазРостСервис" холдингінің тракторлар мен комбайндары. Мысалы "Вектор" сериясымен шығарылған комбайнның құны нарықта 42 млн теңге тұрса, отандық шаруалар үшін 12%-ға мемлекеттік жеңілдік қойылған.

"2012 жылдан бері бір мың бірлікке жуық комбайн шығарылды. Барғыды да Қазақстан даласында жүр. Қуаттылығы маусымына 1000-1200 гектарға дейін барады. Мұны алған отандық шаруалар қосымша құн салығынан босатылады. Үкіметтің арнайы бекіткен субсидиясы да. "ҚарАгро" арқылы жеңілдетілген лизинпен береміз. Келесі жылы 5-ші санаттағы комбайндарды шығармақпыз. Оның да саны 250-300 бірлық шамасында болады", - дейді "ҚазРостСервис" ЖШС атқарушы ди⁠ректоры Еркін Баймолдин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу