Елімізде бірыңғай әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылады

1088

"Әлеуметтік қызметтер порталы" ақпараттық жүйелер функцияналдық демо-нұсқасының көрсетілімі өтті. 

Елімізде бірыңғай әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылады

"Әлеуметтік қызметтер порталын" қолданысқа енгізу 2019 жылдың қыркүйек айына жоспарлануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Бүгін "Әлеуметтік қызметтер порталы" ақпараттық жүйелер функцияналдық демо-нұсқасының көрсетілімі өтті. Порталдың әзірленуі әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту аясында, "Тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесінің тұрақты дамуы: Әлеуметтік интеграция мен инклюзив жөніндегі бағдарламаны ілгерлету" атты БҰҰ-ның даму бағдарламасымен бірге жүзеге асырылады", – деп жазды ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова Фейсбуктегі парақшасында.   

Вице-министрдің айтуынша, портал оның қызметі мен көмегін қолданушылар және жеткізушілерді бірыңғай цифрлық алаңға біріктіреді.

"Ол әлеуметтік қызметтер мен көмектер, техникалық қосалқы құралдар және мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен мүгедек жандарға арнайы қозғалу құралдарын беру бойынша әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің қатысушылары үшін жалғыз сенімді және маңызды ақпараттар дереккөзі болады", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу