Елімізде бірыңғай мемлекеттік сатып алу реестрі құрылады

838

Елімізде бірыңғай мемлекеттік сатып алу реестрі құрылады

2018 жылдан бастап, елімізде бірыңғай мемлекеттік сатып алулар реестрі құрылады. Яғни, бұдан былай мемлекеттік мекемелерге жеке тендер жариялауға тыйым салынбақ. Мұндай ақпарды Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев мәлім етіп отыр.

Бүгін ведомство мемлекеттік қызметкерлер мен кәсіпкерлерге "Мемлекеттіу сатып алу туралы" заңнамаға енгізілген бірқатар өзгерістерді түсіндіріп, ашық семинар-жиын өткізді. Оған республикадағы мемлекеттік сатып алу сегментіне жауапты органдардың барлығы да шақыртылған. Заңға сәйкес, енді мемлекеттік сатып алуларда қандай да бір жемқорлық дерегі тіркелген жағдайда оған комиссия төрағасы ретінде әкім ғана емес, сондай-ақ оның орынбасары да жауапты болуы тиіс. Қазір министрлік "Ішкі аудит туралы" заңнаманы да толықтыруда, қыркүйек айында қос палатаның қарауына жібереді.

Руслан Бекетаев, ҚР қаржы вице-министрі:

"Негізі мен бұл жиынға Мемлекеттік сатып алулар қызметіне жауапты барлық тұлғалар мен облыс әкімдерінің орынбасарларын да шақырған еді. Бірақ ешбірі келмепті. Мұнысы дұрыс болмады. Өйткені енді олардың міндеті өзгеруі тиіс. Мемлекеттік сатып алуға тендер жариялауды, кімді тарту керек екенін біледі де, бірақ жауапкершілікке келгенде шетте қолып қояды осы кісілер".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу