Елімізде бірыңғай QR арқылы 20 миллионнан астам төлем жасалды

258

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Central Asia FinTech Summit барысында мәлімдеді.  

Елімізде бірыңғай QR арқылы 20 миллионнан астам төлем жасалды Фото: mustafinmag.kz/

Қазақстанда бірыңғай QR арқылы жасалған төлемдердің үлесі 25 пайызға жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тимур Сүлейменовтің айтуынша, 19 шілдеде іске қосылған төлем жүйесі арқылы 20 миллионнан астам транзакция жасалған.

– Биыл банктер арасындағы мобильді төлем жүйесін – бірыңғай QR-ды іске қостық. Жүйе 19 шілдеде жұмысын бастады. Қазірдің өзінде 20 миллион транзакция жасалып, олардың сомасы 400 миллиард теңгеден асты. Бірыңғай QR нарықтың 25 пайызын иеленді", – деді Тимур Сүлейменов.

Ұлттық банк төрағасы Қазақстанда цифрлық қаржы инфрақұрылымының бірқатар элементі кезең-кезеңімен енгізіліп жатқанын атап өтті.

2023 жылы цифрлық теңге, 2024 жылы Ұлттық антифрод-орталық іске қосылды. Сондай-ақ банкаралық төлем құралдары мен басқа да цифрлық сервистер енгізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу