Елімізде бірыңғай QR комиссиясына қарсы петиция жарияланды

382

Петицияны GosRating.com платформасында Жандос Маратұлы жазған.    

Елімізде бірыңғай QR комиссиясына қарсы петиция жарияланды Фото: finratings.kz

Петиция авторының пікірінше, қаржы реттеушісі қарапайым азаматтар мен шағын бизнестің мүддесін тиісті деңгейде қорғай алмай отыр.

Құжат авторы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) жұмысын сынға алып, ведомство басшылығын қызметтен босатуды талап етті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстанда банктердің бірыңғай QR-код арқылы төлем қабылдау кезінде алатын комиссиясын төмендетуді талап еткен жаңа петиция жарияланды.

Автордың пікірінше, агенттік мынадай негізгі мәселелерді шеше алмады:

  • қаржылық алаяқтықтың күрт көбеюі, салдарынан көптеген азамат бөтен несиелердің құрбанына айналуы;
  • халықтың шамадан тыс несиеге тәуелділігі;
  • банктер несие бермегендіктен, азаматтардың микроқаржы ұйымдарына жүгінуге мәжбүр болуы.

Осыған байланысты петиция авторы ҚНРДА төрайымы Мәдина Әбілқасымованы қызметінен босатуды ұсынады.

Петицияда жаңадан іске қосылған Банкаралық мобильді төлемдер жүйесіне де ерекше назар аударылған.

Автордың айтуынша, банкаралық эквайринг үшін алынатын 1,5 пайыздық комиссия шағын және орта бизнеске ауыр салмақ түсіріп, мемлекеттік реформаның тиімділігін төмендетеді.

Петиция авторларының талаптары:

  • бірыңғай QR-код арқылы төлем жасау кезіндегі жалпы комиссияны 0,5 пайыздан асырмау;
  • микроқаржы ұйымдарына қойылатын талаптарды күшейтіп, микронесиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді төмендету;
  • кибералаяқтыққа қарсы нақты шараларды күшейту;
  • Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшылығын ауыстыру.

Материал жарияланған сәтте петицияны 45 адам қолдаған.

Еске салайық, Қазақстанда банкаралық мобильді төлемдер жүйесі 9 шілдеде ресми түрде іске қосылды. Жаңа жүйе қазақстандықтарға банкке қарамастан телефон нөмірі арқылы лезде ақша аударуға және бірыңғай QR-код арқылы төлем жасауға мүмкіндік береді. Бұл жоба Ұлттық банктің ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының бір бөлігі болып саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу