Елімізде битум жоспардан артық өндірілді

518

Оған жол құрылысы жұмыстарының қарқыны себеп болған.  

Елімізде битум жоспардан артық өндірілді

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын орындау барысы туралы айта келіп, биыл 1 млн тонна битум өндірілгенін сөз етті.

"Дизель отыны мен авиакеросин өндірісін азайтып, орнына битум өндірісін ұлғаттық. Үкіметтің қойған жоспары 984 мың тонна битум өндіру болған. Пандемия кезінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, халықты жұмыспен қамту бағдарламасы жүзеге асты. Көптеген әлеуметтік инфрақұрылым күрделі жөндеуден өтті. Соның ішінде жол құрылысы жұмыстары қарқынды атқарылды. Сол себепті жоспарды асыра орындап, 1 млн 1 тонна битум өндірдік", – деді министр.

Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, бүгінгі күні елде қосылған құны жоғары мұнай өнімдерін терең өңдеу жұмысы ілгерілей бастаған.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу