Елімізде биыл 12 мыңға жуық жол-көлік оқиғасы орын алды

1896

8201 адам зардап шеккен. 

Елімізде биыл 12 мыңға жуық жол-көлік оқиғасы орын алды

2018 жылғы қаңтар-шілдеде Қазақстан Республикасында 476751 жеңіл автомобиль тіркелген, деп хабарлайды ҰЭМ статистика комитеті.

2018 жылғы қаңтар-шілдеде Қазақстан Республикасында 476751 жеңіл автомобиль тіркелген, бұл өткен жылдағы тиісті кезеңмен салыстырғанда 70%-ға артық. Қазақстан Республикасында 2018 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3914,4 мың бірлікті құрады.

Елімізде биыл 7 айда 11621 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 8201 адам зардап шеккен. Дегенмен, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апаттылық 6,6%-ға азайған дейді статистикалық мәлімет.

2018 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдарымен көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру бойынша 14,2 млрд теңге сомасына 38175 сақтандыру төлем жүзеге асырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу