Елімізде бизнеске қандай қолдау көрсетілуде?

723

"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 447,6 млрд теңгеге 487 өтініш мақұлданды.   

Елімізде бизнеске қандай қолдау көрсетілуде?

Биылғы жылдың қазан айында еліміздегі іскерлік белсенділік индексі 1,2 сатыға жоғарылап 48,8-ге жетті. Қыркүйекте бұл көрсеткіш 47,6 болатын. Әйтседе индекс әлі де 50-ге жеткен жоқ. Бірақ елімізде ақырындап экономиканың қалыпқа келе бастағаны байқалады, деп хабарлады ranking.kz

Салыстырмалы түрде қарасақ көрші Ресейде бұл көрсеткіш керісінше төмендеген. 
Жалпы іскерлік белсенділік индексінің жоғарылауына өндіріс, қызмет көрсету салалары әсер етті. Сонымен қатар кәсіпорындар мен халықты қаржыландырудың да ықпалы болды. 
 
Мәселен, биылғы жылдың қыркүйек айының соңында экономикадағы несиелер саны өткен жылдың сәйкес кезеңінен 7,1%-ға артып, 14,3 трлн теңгені құрады. Жыл басынан бері несиелер сомасы 3,5%-ға өскен. 
Жалпы корпоративтік сектор мен жеке тұлғаларға қарыз беру көрсеткіші теңдей артқан. 
Мәселен, бизнестің несие портфелі 2%-ға өсіп, 7,3 трлн теңгеге жеткен.

Бұл Ұлттық банктің дағдарысқа қарсы шаралар аясында жасалып жатқан жұмыстарының нәтижесі. Мәселен, 13 қарашадағы жағдай бойынша "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 447,6 млрд теңгеге 487 өтініш мақұлданды.  

Бұған қоса Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ұлттық банк төтенше жағдайдан зардап шеккен кәсіпкерлерге жеңілдікпен несие беру бағдарламасын қолға алды. Бұл мақсатта 800 млрд теңге бөлінді.  13 қарашадағы жағдай бойынша аталған бағдарлама негізінде жалпы сомасы 450,9 млрд теңгеге 1368 ШОБ субъектісі  қаржыландырылды. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу