Елімізде болашақ магистранттардың білімі сыналып жатыр

821

Биыл еліміз бойынша 31 мыңға тарта тұрғын магистратура грантына үміткер ретінде өтініш тапсырыпты.

Елімізде болашақ магистранттардың білімі сыналып жатыр

Магистратура емтиханының алғашқы күнінде талапкерлер өздерімен бірге 434 смартфон алып кірмек болған. Мұндай мәліметпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бөлісті, деп хабарлайды Atameken Business.

Жалпы, биыл еліміз бойынша 31 мыңға тарта тұрғын магистратура грантына үміткер ретінде өтініш тапсырыпты. Ал сынақ тамыздың 10-ы мен 15-і аралығында өтеді. Болашақ магистранттардың білімі 27 бекетте сыналып жатыр. 

Биылғы емтихандарға білім және ғылым министрінің бастамасымен ашықтық пен адалдықты қамтамасыз ету мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері, Adal Bilim жобалық кеңсесінің өкілдері мен қоғам белсенділерінен тұратын арнайы мониторингтік топтар бақылаушылар ретінде тартылған.

Агенттіктің хабарламасына қарағанда, кешенді тестілеу 169 аудиторияда өтеді. Барлық аудиториялар, әдеттегідей, ұялы байланыс сигналдарын сөндіргіш құралдармен және бейнебақылаумен қамтамасыз етілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу