Елімізде бұдан былай сотталғандарға рақымшылық жасалмайды

1786

Елімізде бұдан былай сотталғандарға рақымшылық жасалмайды

Қазақстан ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай сотталғандарға рақымшылық жасамайды және бұл тәжірибеден түбегейлі бас тартпақ. Енді кешірім жасау туралы өтініш білдіргендер ғана бостандыққа шығуы мүмкін. Бұл туралы Үкімет үйінің дәлізінде ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді.

"Рақымшылық – кеңестік кезеңнің сарқыншағы. Әрі қарай қалай болатынын білмеймін, алайда рақымшылық туралы заң (тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай – ред.) әзірленбейді", - деп атап өтті Қасымов.

Тұтастай алғанда, ІІМ басшысының айтуынша, еліміз сотталғандарға рақымшылық жасау тәжірибесінен бас тартып, едәуір жаңа әдістерге көшеді.

"Халықаралық тәжірибе бойынша кешірім жасауды қолданамыз, өтініш беру – бостандыққа шығудың жалғыз жолы", - деп түсіндірді министр.

"Яғни, кімде-кім кешірім жасауды өтінсе (…), онда оны (бұл мәселені – ред.) комиссия қарайды", - деді ол.

Айта кетейік, елімізде бұған дейін сотталғандарға бірнеше рет рақымшылық жасалды. Соңғы рет ауқымды амнистия тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай өткізілді.

Baq.kz 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу