Елімізде бұғаттауға ұсынылатын сайттардың "қара каталогы" жасалды

580

Қазақстанда қолайсыз мазмұнды қамтитын және бұғаттауға ұсынылатын сайттардың "қара каталогы" әзірленді.   

Елімізде бұғаттауға ұсынылатын сайттардың "қара каталогы" жасалды Фото: ortcom.kz

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Баймульдинов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Спикердің айтуынша, гранттық қаржыландыру шеңберінде "Жастар мен балалар арасында интернетке тәуелділік пен құмар ойындардың алдын алу" әлеуметтік жобасы қолға алынды.

"Оның аясында бірқатар жұмыс атқарылды. Соның ішінде жастар мен балалар арасында фокус-топтардың сауалнамасын ұйымдастыру және өткізу, интернетке тәуелділік, құмар ойындар мен кибербуллинг деңгейі жоғары өңірлерді анықтау бойынша өңірлерде үйлестірушілер тағайындалды. Ақпараттық курстар мен жобаларды іске асыру, жастарды интернет-кеңістікте қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидаларына оқыту, кибербуллингтің, интернет-тәуелділіктің және құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру материалдарын әзірлеу мақсатында бейне нұсқаулықтар әзірленді", - деді ол.

Ведомство өкілінің сөзінше бұдан бөлек желіде құмар ойындары бар сайттарды анықтау бойынша мониторинг жүргізілген көрінеді.

"Нәтижесінде "ата-ана бақылауы" пайдаланушысының жеке кабинеттерінде бұғаттауға ұсынылған 16 сайт анықталды. Қолайсыз мазмұнды қамтитын және бұғаттауға ұсынылатын сайттардың "қара каталогы" жасалды", - деді Қайрат Баймульдинов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу