Елімізде бүгін әлеуметтік қызметкерлер күні аталып өтуде

850

Қазақстанда екі мыңға жуық әлеуметтік қызметкер бар. 

Елімізде бүгін әлеуметтік қызметкерлер күні аталып өтуде

Қазанның соңғы жексенбісі дәстүрлі түрде әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби мерекесі атап өтіледі, деп жазады inbusiness.kz.

Еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде  екі мыңға жуық әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Әлеуметтік қызметкер онкологиялық, айықпас дерті бар науқастарға қызмет көрсететін стационарларда, травматология бөлімшелерінде, қарқынды терапия палаталарында қызмет көрсетеді. 
"Әлеуметтік қызметкер үйлестіруші рөлін атқарады: белгілі бір адамға немесе топқа кешенді медициналық-әлеуметтік қызметтердің көлемін анықтау және оны жүзеге асыруға ықпал ету арқылы медицина персоналының жұмысын жеңілдетеді",-делінген Денсаулық министрлігі таратқан ақпаратта. 

Денсаулық сақтау мекемелеріндегі әлеуметтік қызметкер тек дәрігер диагнозына ғана емес, сонымен қатар психологиялық-социологиялық зерттеулер, науқастың және оның жақындарының әлеуметтік жағдайы мен психологиялық жағдайына, олардың отбасыы жағдайларына да сараптама жасауға негізделген, делінген Денсаулық министрлігі таратқан ақпаратта.

Денсаулық министрлігі барша әлеуметтік медицина қызметкерін кәсіптік мерекесімен құттықтады. "Олардың еңбегі мыңдаған пациенттің ауырсынуын жеңілдетуге, қоғамға бейімделуіне, жақындарымен байланыс орнатуына көмектеседі! Сіздерге зор ризашылық білдіре отырып зор денсаулық, жақсылық, мұқтаж адамдарға көмек көрсету үшін шыдамдылық пен сәттілік, қажымас қайрат пен күш-қуат тілейміз!",-делінген министрлік таратқан ақпаратта. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу