Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 451 130 жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК таратқан ақпаратқа сүйеніп.
Олардың 410 150-і емделіп, бүгінде сауыққан. Өткен тәулікте 2 087 адам ковидтен айыққандар қатарына қосылған.
Ал ауырып жатқандардың жағдайына қатысты министрліктің мәліметі мынадай: 10 шілдедегі мәлімет бойынша 37 764 адам коронавирус инфекциясынан (36 371 КВИ+ және 1 393 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 11 989 пациент стационарда, 25 775 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 770 адамның жағдайы ауыр, 161 пациенттің жағдайы өте ауыр, 88 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.