Бухгалтерлер мен аудиторлардың кәсіби ұйымдары, сондай-ақ сертификаттаушы ұйымдар "Қазақстан бухгалтерлері мен аудиторларының альянсына" бірікті, деп жазады inbusiness.kz.
"Бүгінгі таңда альянста 23 қатысушы бар. Альянстың негізгі мақсаты нарықты монополиялау әрекеттерімен күресу үшін кәсіби ұйымдарды біріктіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және бірыңғай операторларды жою болып табылады. Сонымен қатар, Альянс қызметі бухгалтерлер мен аудиторлардың кәсіптік білім беру сапасын жақсартуға бағытталған", - деді "ЦДБ Профи" ЖШС директоры Альмира Шарафутдинова.
Ақпаратқа сәйкес, альянс бухгалтерлер мен аудиторлар, кәсіби аудиторлық ұйымдар мен бухгалтерлер ұйымдарының мүшелерінен құралған 28 770 жеке тұлғаны, аудиторлық және бухгалтерлік ұйым болыпотырған 347 заңды тұлғаны біріктіреді.
Ұйымның құрылуы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік емес реттеу институттарын күшейтуге мүмкіндік береді деп күтілуде.