Елімізде бүйрек алмастыруға мұқтаж 61 бала бар

1426

Мұндай күрделі операция соңғы 6 жылда елімізде өткізіліп, 81 балаға бүйрек трансплантациясы жасалған. 

Елімізде бүйрек алмастыруға мұқтаж 61 бала бар

Қазақстанда 61 бала бүйрек трансплантациясына мұқтаж. Ал, олардың қатары жылына 14-18 балаға өсіп отырады. Бұл туралы Астанадағы "Ана мен Бала" орталығы директорының орынбасары Венера Алтынова айтты, деп хабарлайды astanatv.kz.

Мұндай күрделі операция соңғы 6 жылда елімізде өткізіліп, 81 балаға бүйрек трансплантациясы жасалған. Сонымен қатар, елдегі ірі медициналық орталықтар бауыр және сүйек кемігін де алмастырады. Ал, жүрек және өкпе трансплантациясын жасау үшін шетелге баруға тура келеді. Ал, оған мұқтаж бүлдіршіндердің саны 15-ке жуық.  

"Бізде 1 жылда балалардың тірі қалу көрсеткіші 98% құрайды. Бала мен трансплантанттың да тірі қалу деңгейі 5 жылда 94,4 пайызды құрап отыр. Салыстырып көрдік. Біз Еуропадағы мемлекеттермен бірдейміз. Ал, Американың көрсеткіші 93,8%", –  дейді Венера Алтынова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу