Елімізде букмекерлік кеңселер жарнамасы үшін жауапкершілікті күшейтіле ме?

645

Қазіргі таңда елде 2500-ге жуық бәс тігу пункттері және 8 тотализатор жұмыс істейді.    

Елімізде букмекерлік кеңселер жарнамасы үшін жауапкершілікті күшейтіле ме?  Фото: zakon.kz

Сенат отырысында депутат Амангелді Толамисов букмекерлік кеңселер жарнамасының көбейіп кеткеніне назар аударды, деп жазады inbusiness.kz.

"Ойын бизнесі үлкен қаржының көзі болғандықтан ба, әлде тиісті дәрежедегі бақылау мен қадағалаудың жоқтығынан ба оған іс жүзінде тыйым салу әлі күнге дейін мүмкін болмай тұр. Ойын автоматтары кез келген жерге қойылған, ставка қабылдау пунктері еркін жұмыс істейді. Жарнамалық серіктестері де көбіне букмекерлік компанияларды жарнамалап күн көріп отырғандықтан одан бас тартпасы анық. Бірақ белгілі бір деңгейде тоқтау салмаса, қоғамдағы жағдай ушығып барады", - дейді депутат Амангелді Толамисов.

Премьер-министрдің атына сауал жолдаған сенатордың айтуынша, қазір заңнамаға осындай жарнама үшін жауапкершілікті күшейтетін нормаларды енгізу маңызды.

Оның мәліметінше, қазір елімізде ойын бизнесі саласында жұмыс істеуге лицензиясы бар 50 ұйым бар, оның ішінде 26 букмекерлік кеңсе, 6 казино, ойын автоматы қойылған 10 зал, 2500-ге жуық бәс тігу пункттері және 8 тотализатор жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу