Республика бойынша 171 мыңнан астам адам онкологиялық ауруларға шалдыққан, деп хабарлайды 24.kz.
Өкінішке қарай, былтыр қатерлі ісіктен 15 мыңға жуық науқас көз жұмды. Астанадағы онкологиялық орталық мамандарының мәліметінше, бұл азаматтардың 48,3 пайызы – еңбек етуге қабілетті ел тұрғындары.
Онкологиялық аурулардың түрлері де көбеюде. Әйелдердің басым бөлігі сүт безі қатерлі ісігіне шалдығады. Жатыр денесінің обыры 6 пайызды құраса, аналық бездің қатерлі ісігі – 5,3 пайыз. Ал ер азаматтардың арасында өкпе қатерлі ісігі жиілеген. Асқазан қатерлі ісігі – 11,4 пайыз, қуық-алды безінің обыры 7,6 – пайыз. Сондай-ақ жиек және өңеш қатерлі ісігі жиі кездеседі.