Елімізде былтыр рекордтық көлемде табиғи газ өндірілген

864

Елімізде былтыр рекордтық көлемде табиғи газ өндірілген

Игерілген жалпы өнім көлемі 46,6 миллиард текше метр. Ал құны 176 миллиард теңгеге жуықтайды. 21 миллиард текше метр табиғи отын шетел нарығына шығарылған, деп хабарлайды 24Хабар.

Қазақстан газының негізгі бөлігі Ресей еліне экспортталады. Өндірілген көгілдір отынның 34%-ы көршілес Атырау облысына тиесілі. Ал қалған 40%-ы Батыс Қазақстан облысының үлесінде. Қарашығанақ кенішіндегі газдың бастапқы қоры 1,35 триллион текше метрге тең. Алынған шикізат Орынбордағы газды қайта өңдеу зауытына жіберіледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу