Елімізде былтыр тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 69 әйел мен 7 бала қайтыс болды

414

Өткен жылы балаларға қатысты барлығы 2452 қылмыс жасалған.  

Елімізде былтыр тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 69 әйел мен 7 бала қайтыс болды Фото: Inbusiness.kz

Мәжілістің комитет отырысында Динара Зәкиева былтыр тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қанша әйел қаза тапқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Былтыр тұрмыстағы зорлық-зомбылық саласында 99 мың өтініш келді. Балаларға қарсы 2 452 қылмыс жасалды. Тұрмыстағы зорлық-зомбылық салдарынан 69 әйел және 7 бала қайтыс болды", - деді Динара Зәкиева.

Уәкіл атағандай, тұрмыстағы зорлық-зомбылық пен балалардың қауіпсіздігі мәселелері Мемлекет басшысының үнемі назарында.

"Осы салада соңғы жылдары жүйелі іс-шаралар қабылданды. Заңға өзгерістер енгізілді. Мысалы, арызсыз істің қозғалуы, сенім телефоны құрылды, балаларға қарсы жасалған қылмыстарға жазаны қатаңдату бойынша бірқатар норма көзделген", - деді Динара Зәкиева Мәжілістегі комитет отырысында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу