Елімізде Цифрлық хаб құру үшін үшін 560 млрд теңге бөлінеді

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп жазады inbusiness.kz

Елімізде Цифрлық хаб құру үшін үшін 560 млрд теңге бөлінеді Фото: google.com

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан қуатты деректер орталықтары мен трансшекаралық талшықты-оптикалық магистральдары бар Цифрлық хабқа айналуға тиіс. Ұлттық жобаның осы мақсаттарына бюджеттен 5 жыл ішінде шамамен 560 млрд теңге бөлу жоспарлануда", – деді Смайылов. 

Бұл ретте ол Цифрлық даму министрлігі мен байланыс операторларының назарын мына мәселелерге аударды:

Біріншіден, байланыс операторлары міндеттемелерінің сақталуын ескере отырып, барлық жерде байланыс сапасы мен интернет жылдамдығының мониторингін күшейту қажет. 

Халық пен бизнестің көптеген проблемаларының жедел шешімі осыған байланысты.

Екіншіден, республика аумағындағы әрбір елді- мекенге дейін тартылатын кең жолақты интернет инфрақұрылымының экспозициясын айқындау қажет.
Онда трафиктің жылдамдығы нақты көрсетілуі тиіс.

Үшіншіден, қысқа мерзімде Ұлттық жобаны пысықтап, Президент Әкімшілігіне енгізу қажет.

"Халықтың пікірлерін ескере отырып, барлық проблемалар мұқият пысықталуы тиіс. Бұл мәселені мен өз бақылауымда ұстаймын", – деді Әлихан Смайылов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу