Елімізде COVID-19-дың ауыр формасымен ауырып жатқандар саны артып келеді

748

Өкпені жасанды желдету аппаратына 90 адам қосылған.  

Елімізде COVID-19-дың ауыр формасымен ауырып жатқандар саны артып келеді

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

"Індет жұқтырғандар санының артуымен қатар жағдайы ауыр науқастар саны да көбеюде. Әзірге ауруханаларда орын жеткілікті, жансақтау бөлімдерінің 80%-ы бос. Бірақ сырқаттанғандар мен дерті асқынғанда да көп. Қазіргі кезде өкпені жасанды желдету аппаратына 24 адам қосылған", – деді Елжан Біртанов.

Сонымен қатар министр індет елімізде тараған уақыттан бастап жансақтау бөлімдеріне жалпы саны 306 науқас түскенін айтады. Оның 201-і сауығып, үйлеріне шығарылса, 48-і қайтыс болды.  

"Өкпені жасанды желдету аппаратына 90 адамды қостық. Оның 20-сының аппаратпен тыныс алуы тоқтатылды. Бұл жағдайы ең ауыр науқастар. Әйтседе жағдайлары жақсарғандар да бар", – деді министр.

Қазіргі кезде Қазақстанда коронавирустық инфекцияға шалдыққандар саны 12 мың 124 адамға жетті. 6 мың 288 адам қатерлі дерттен емделсе, 48-і көз жұмды.

Құралай Құдайберген

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу