Елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар 255 мыңнан асты

701

ВАК мәліметтері бойынша, пандемия басталғаннан бері республикада 225 256 адам коронавирустық инфекциядан айыққан, оның ішінде соңғы бір тәулікте 1421 адам жазылып шыққан. 

Елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар 255 мыңнан асты

Өткен тәулікте Қазақстанда ПТР сынағымен расталған коронавирус инфекциясының 1921 жаңа жағдайы тіркелді, деп дүйсенбіде COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК) хабарлады.

Бір күн бұрын республикада оң ПТР-мен 2054 COVID-19 жағдайы анықталды, жеті адам қайтыс болды.

Пандемия басталғаннан бері елімізде барлығы 255 028 COVID-19 жағдайы расталды, оның ішінде Алматыда - 37023 (соңғы тәулікке өсім +611), Нұр-Сұлтанда - 32815 (+368) ), Шығыс Қазақстан облысында - 23034 (+34), Павлодар облысында - 19274 (+54), Атырау облысында - 19143 (+103), Қарағанды ​​облысында - 18152 (+88), Ақмола облысында - 15566 ( +52), Батыс Қазақстан облысында - 15576 (+105), Қостанай облысында - 13962 (+35), Солтүстік Қазақстан облысында - 13124 (+20), Алматы облысында - 14728 (+255), Шымкентте - 7129 (+48), Жамбыл облысында - 6515 (+26), Ақтөбе облысында - 5729 (+61), Түркістан облысында - 4569 (+12), Маңғыстау облысында - 4530 (+31), Қызылорда облысы - 4159 (+18).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу