Елімізде COVID-19 вакцинасын алғандардың саны 4 млн адамға жуықтады

675

Ал вакцинаның II компонентін алғандардың саны 2 236 062 адамға жеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Елімізде COVID-19 вакцинасын алғандардың саны 4 млн адамға жуықтады

Коронавирустың таралуына қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия келтірген мәліметке сәйкес, 7 шілдедегі мәлімет бойынша 34 189 адам коронавирус инфекциясынан (32 876 КВИ+ және 1 313 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 10 708 пациент стационарда болса, ал 23 481 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 710 адамның жағдайы ауыр. 143 пациенттің жағдайы өте ауыр болса, 75 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

"2021 жылғы 7 шілдедегі мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 3 906 643 адам вакцина салдырды. II компонентті салдырған адамдардың саны 2 236 062-ге жетті", – делінген хабарламада.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу