Елімізде COVID-19 жұқтырғандар саны азайып келеді

675

Қазақстанда соңғы тәулікте ПТР тестілерімен расталған коронавирустық инфекцияның 47 жағдайы тіркелді, деп inbusiness.kz  Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Елімізде COVID-19 жұқтырғандар саны азайып келеді Фото: gtrk-vyatka.ru

Бір күн бұрын елде COVID-19 жұқтырған 70 жағдай анықталды.

Жалпы, 19,7 миллионнан астам халқы бар республикада пандемия басталғалы бері 1 миллион 411 мың 121 COVID-19 жағдайы расталды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, пандемия басталғалы бері ПТР сынамасы КВИ расталған коронавирус инфекциясынан 13 848 адам қайтыс болды. Соңғы 24 сағатта COVID-19-дан қайтыс болғандар жоқ.

21 сәуірдегі жағдай бойынша 1387 науқас коронавирустық инфекциядан емдеуді жалғастыруда, оның ішінде 1221-де ПТР сынамасы оң, 166-сында теріс. Стационарда 166 науқас ем алып жатыр, ал амбулаториялық емделушілер - 1221.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу