Елімізде "Cпутник V", QazVас екпесінің жеткілікті қоры бар – Қожапова

793

Қазақстанда "Cпутник V", QazVас вакцинасының жеткілікті қоры бар. Бұл туралы Инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Елімізде "Cпутник V", QazVас екпесінің жеткілікті қоры бар – Қожапова

"Бүгінде коронавирус қарсы екпе жасайтын пунктерде "Cпутник V", QazVас вакциналарының жеткілікті қоры бар. Hayat-Vax екпесінің қоры бір аймақта жеткіліксіз. Hayat-Vax пен CoronaVac вакциларының елімізге қашан жеткізілетінін Денсаулық сақтау министрлігі мен "СК Фармация" компаниясынан сұрау керек. 
Алайда елімізде "Cпутник V", QazVас вакциналарының қоры жеткілікті", - деді Роза Қожапова ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Ол шілденің аяғында QazVас вакцинасының тағы бір партиясы егу пунктеріне жеткізілетінін атап өтті.

Айта кетейік, Қазақстанда COVID-19-ға қарсы вакцинаның 1-компонентін  4 601 830 адам,  2-компонентін 2 541 853 адам салдырды.

Дәурен Ерболат 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу