Елімізде дағдарыс болуы мүмкін бе?

154

Қазақстан халқына ешқандай дағдарысқа дайындалудың қажеті жоқ. 

Елімізде дағдарыс болуы мүмкін бе? Фото: Pixabay.com

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Журналистер вице-премьерге қазақстандықтар дағдарысқа дайындалуы керек пе деген сұрақ қойды.

"Жоқ, қазақстандықтарға ешқандай дағдарысқа дайындалудың қажеті жоқ. Себебі біз сенімді сыртқы қорғаныс буферін құрып жатырмыз. Сол себепті келесі жылы Ұлттық қордан мақсатты трансферт алмаймыз. Ұлттық қор ішкі және сыртқы кез келген жағдайға төтеп беретін сенімді буфер болып есептеледі. Оны арттыруымыз керек", – деді Серік Жұманғарин. 

Оның айтуынша, Үкімет Ұлттық қордың жинақтау функциясын күшейтіп жатыр.

Айта кету керек, бұған дейін өңірлердің мемлекет қаржысына қол салуы азаятынын жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу