Орталық қоммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ДСМ республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры Қанат Төсекбаев осылай деп мәлімдеді. Оның сөзінше, бүгінде медицина саласында 253 883 қызметкер жұмыс істейді.
"Атап айтсақ, 74046 – дәрігер, 179000-нан астам орта медицина қызметкері бар. Ал 6075 адам ведомствоваларда, 16000 адам жеке орталықтарда жұмыс істейді", – деді спикер.
Қанат Төсекбаевтың айтуынша, биыл елімізде дәрігерлер саны 1,5%-ға, орта медицина мамандарының саны 2,6%-ға артқан.
"Қазіргі кезде Нұр-Сұлтан мен Алматыда мамандар жеткілікті. Ал Ақмола, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қостанай,Түркістан облыстарында мамандар тапшылығы байқалады. Бұл өңірлер бойынша кадрлар санының айырмашылығын көрсетеді. Ол бірнеше факторға байланысты. Оның бірі медициналық мекемелердің шоғырлануы. Мәселен, Нұр-Сұлтан мен Алматыда мұндай мекемелердің басым бөлігі орналасқан. Бұған қоса қала мен ауылда кадрлар бөлінісің айырмашылығын көріп отырмыз", – деді орталық директоры.
Құралай Құдайберген