Елімізде дайын өнімге сұраныс артты

Ауыл шаруашылығындағы сұраныс көрсеткіші теріс аймақта тұр.  

Елімізде дайын өнімге сұраныс артты Фото: 7kun.kz

Ұлттық банк 2023 жылдың I тоқсанында экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындарда жүргізілген сауалнаманың қорытындысы туралы шолу жариялады. 

Бұған қатысты ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаменті директорының орынбасары Денис Чернявскийдің түсініктеме берді. 

"Нақты сектордағы кәсіпорындарда жүргізілген сауалнаманың нәтижесі ауыл шаруашылығын қоспағанда, қарастырылып отырған барлық салада дайын өнімге деген сұраныс біршама жақсарғанын көрсетті. Ауыл шаруашылығындағы сұраныс көрсеткіші теріс аймақта тұр. 2023 жылдың ІІ тоқсанында сұраныс біршама баяулайды деп болжанған тау-кен өндіру өнеркәсібінен басқа салаларда жағдай жақсарады деп күтіледі", – деп түсіндірді Денис Чернявский. 

2023 жылдың І тоқсанында шикізат пен материалдардың бағасы өсуін баяулатты. Тау-кен өндіру өнеркәсібінен басқа барлық салада дайын өнімнің бағасы өсуін тежеді. 

"2023 жылдың ІІ тоқсанында ауыл шаруашылығындағы дайын өнімнің бағасын қоспағанда, шикізат/материалдар мен дайын өнім бағасының өсу қарқыны баяулай береді деген болжам бар. 2023 жылдың І тоқсанында барлық салада өндіріс көлемі ұлғайды. Көрсеткіші шамамен бұрынғы деңгейде сақталған тау-кен өндіру өнеркәсібі ерекшеленіп отыр. 2023 жылдың ІІ тоқсанында өңдеу өнеркәсібінде, сондай-ақ, көлік пен қоймада сақтауда өндіру көлемі өседі деп күтіледі.
Қарастырылып отырған барлық салада өндірістік қуаттың жүктемесі артты. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде жүктеменің жоғары деңгейі сақталып отыр", – деді спикер.

Сауалнамаға барлығы 2,6 мыңнан астам тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, сауда, ауыл шаруашылығы, көлік және қоймада сақтау кәсіпорындары қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу