Елімізде дәретхана қағазына сұраныс күрт артты

658

Бір жылда аталған тауар өндірісі 27%-ға өскен.  

Елімізде дәретхана қағазына сұраныс күрт артты

Мұндай статистикалық деректермен energyprom.kz бөлісті. 

2020 жылдың қаңтар-шілдесінде қағаз өнімдері мен дәретхана қағазының өндірісі 48,3 млрд теңгеге жеткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен үш есе жоғары. Өндірістік өнеркәсіп индексі 115,7%-ды құрады. 2019 жылы көрсеткіш 99,1% болатын. 

Жалпы 2019 жылы қағаз өндірісінің көлемі 14,6%-ға артып, 66,8 млрд теңгені құраған. 

Биылғы жылы қағаз және қағаз өндірісінен өңірлер бойынша Алматы облысы көш бастап тұр. Аймаққа еліміздегі жалпы қағаз өндірісінің 12,2 млрд теңгесі тиесілі. Мұнда аталған саладағы ең ірі кәсіпорындардың бірі "Kagazy Recycling" ЖШС орналасқан. 
 
Одан кейінгі орында Алматы қаласы. Мегаполис 11,4 млрд теңгеге қағаз өнімдерін шығарған. Шаhарда "Карина Трейдинг" ЖШС сынды ірі кәсіпорындар бар. 

Бұл үштікті өндіріс көлемі 32 есе артып, 9,5 млрд теңгеге жеткен Ақмола облысы қорытындылайды. Өңірде "Garant PACK" ЖШС жұмыс істейді.
 
Өткен жылмен салыстырғанда биыл 26,5% немесе 23,3 мың тонна қағаз артық өндірілген. Бұған қоса жәшіктер шығару мен гофраланған қағаздан сөмке шығару көлемі  20,2%-ға өскен. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу