Елімізде дәрі-дәрмек бағасы арзандайды

951

Елімізде дәрі-дәрмек бағасы арзандайды

 

Дәрі-дәрмек бағасы арзандайды. Бұл турасында "СҚ-Фармация" өкілдері мәлімдеді. Екі күнге жалғасатын аукцион барысында еліміздегі 148 дәрі-дәрмек жеткізуші дестрибьютордың тек 16-ы ғана қалады. Осылайша 16 компания алдағы 9 айда дәріні аймақтарға арзан бағамен жеткізбек.

Тендерге барлығы 448 дәрі атауы жарияланған. Ал тендерге қатысушылар арасындағы іріктелгендер науыз айында белгілі болады. Сәуір айынан бастап бірыңғай дистрибьютор сатып алынған дәрі-дәрмектерді медициналық ұйымдарға жеткізе бастайды.

"СҚ Фармация" жыл сайынғы сұранысқа сай алдағы 3 айға 998 дәрі-дәрмек түрі мен медициналық бұйымдарды сатып алған. Оның 608-і толық жыл бойына жетеді.

Айта кетейік биыл бюджеттен тегін дәрі үшін 106 млрд теңге бөлінген болатын. Қазіргі уақытта аталған қаражаттың 84 пайызы игерілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу