Елімізде дәрі-дәрмек бағасы қымбаттай ма? – министр жауабы

433

Дәріханаларда тұрған препарат міндетті тіркеуден өткен.

Елімізде дәрі-дәрмек бағасы қымбаттай ма? – министр жауабы Фото: canva.com

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова дәріханаларда қаптап кеткен ресейлік дәрумендерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Дәріханадағы бар нәрсе міндетті түрде тіркеуден өтті деген сөз. Сондықтан регистрациядан өткен жағдайда дәрі-дәрмектің қауіпсіздік мәселесіне мемлекеттік орган жауап береді. Сондықтан ешқандай күмән болмауы керек. Өздеріңізге белгілі, бәріміз бір үлкен одақтамыз. Соған байланысты дәрі-дәрмектің бағасы да қолжетімді болуы мүмкін", - деп жауап берді министр кулуарда.

Бұдан бөлек журналистер алдағы уақытта елімізде дәрі-дәрмек қымбаттауы мүмкін бе деп нақтылады. 

"Осы уақытқа дейін Денсаулық сақтау министрлігі өз тарапынан барлық дәрі-дәрмектің бағасына тиісті сараптама жүргізіп, олардың жоғарғы шекті бағасын реттеп отырды. Емханалар мен бизнес тарапынан бағаны шектемеу мәселесі туралы бірнеше рет (мәселе) көтеріліп, монополияға қарсы агенттіктің шешімімен екі-үш кезеңде барлығына жаппай бағаны реттеу тәртібінен ДСМ кетуі керек деген мәселе көтерілген. Былтыр алғаш рет 303 препаратқа немесе 4 және одан да жоғары сауда атауы бар дәрі-дәрмектерге баға жіберілді. Өткен жылдың қорытындысымен олардың орташа бағасының өсуі 14-15 пайыз болды. Сондықтан биыл 1728 препаратқа бағаны босату тәртібі енгізілген. Алайда біз бұл жұмысты тиісті сараптау жүргізгеннен кейін бастамау туралы шештік. Бұл жұмысты кезең-кезеңмен жіберу мәселесін екінші жартыжылдықтан көреміз деген жоспар бар", - деді Ақмарал Әлназарова.

Айтуынша, қазір бұл бағытта зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу