Елімізде дәрі-дәрмек қымбаттады

1936

Баға өткен айда 0,5%, ал жыл көлемінде 7,3% өскен.

Елімізде дәрі-дәрмек қымбаттады

Energyprom.kz сарапшыларының айтуынша, Қазақстанда фармецевтикалық өнімдер 7%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz

Жалпы 2018 жылы дәрі-дәрмек өндіру 7,7%-ға артқан – 15,03 тонна. Ал тамыз айында дәрі бағасы 0,5%, жыл көлемінде 7,3% қымбаттаған. Соның ішінде анальгетикалық дәрілер жылына 15,9% қымбаттапты. Екінші орында асқазанға арналған дәрілер – 15,1%.

Естеріңізде болса, өткен аптада денсаулықсақтау министрі Елжан Біртанов тегін берілетін дәрілердің сатылғаны жөнінде сөз қозғаған. Оның айтуынша, аталмыш фактор еліміздің барлық өңірінде кезігеді. Алдағы уақытта дәріханаларда баға бақылауын күшейтуге байланысты жоба жасалып жатқанын да атап өткен ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу