Елімізде дәрі-дәрмек жеткілікті

1330

Коронавирусты емдеуге арналған препараттар тізімі кеңейтілді. 

Елімізде дәрі-дәрмек жеткілікті

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті. 

"Мессенджерлер мен әлеуметтік желідегі арандатушылық мақсаттағы хабарламалар халықтың жаппай дәрі сатып алуына алып келді. Әсіресе, дене қызуын түсіретін дәрілерді. Бұл ретте елімізде мұндай препараттар жеткілікті деңгейде өндірілетінін айтқым келеді. Өңірлерге оларды жеткізу де жолға қойылған. Ал сұраныстың күрт артуы дәрі-дәрмекті жеткізу мен сату ережелерін қайта қарауды талап етіп отыр", – деген министр коронавирустық инфекцияны емдеуге арналған дәрілер тізімі кеңейтілгенін жеткізді. 

"Отандық өндірушілер дене қызуын түсіретін препараттарды ірі көлемде тасымалдауда. Апта соңына дейін 70 мың қорапша Ингаверин, 49 мың қорапша Терафлю жеткізіледі. Осы тұста аталған препараттар коронавирустық инфекцияны емдеу хаттамасында жоқ екенін ескерте кеткім келеді. Соған қарамастан коронавирусты емдеуге арналған нарықтағы препараттар тізімі кеңейтілді", – деді министр. 

Сонымен қатар ол халыққа амбулаторлық ем жүргізуді түсіндіру үшін қарапайым жадынамалар әзірленіп жатқанын жеткізді. Бұған қоса еліміздің кедендік қоймаларында шетелден келген препараттардың құжаттары рәсімделуде. Жуырда олар дәріханаларға жеткізіледі. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу