Елімізде дәрігерлер облыстардың сұранысына сәйкес оқытылады

400

ҚР Денсаулық министрлігі кадр әзірлеуге қатысты жаңа әдісті бекітті.  

Елімізде дәрігерлер облыстардың сұранысына сәйкес оқытылады Фото: gov.kz

Министрлік жаңа ережелерді 3 тамызға дейін ашық талқылауға шығарды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Қазақстанда қай өңірге қанша дәрігер қажет екенін алдын ала анықтап, мамандар даярлау жүйесін өзгерту жоспарланып отыр. Ол арқылы дәрігер тапшылығы бар аймақтарды анықтап, медициналық кадрларды өңір қажеттілігіне қарай бөлу көзделген.

Министрліктің мәліметінше, енді медицина мамандарын даярлау кезінде тек жалпы көрсеткіштер емес, әр өңірдің нақты қажеттілігі ескеріледі.

Жоспарлау барысында:

  • Халықтың саны;
  • Ауру түрлерінің құрылымы;
  • Медицина ұйымдарының кадрмен қамтылуы;
  • Аурухана мен емхана желісінің дамуы;
  • Денсаулық сақтау саласының болашақтағы өзгерістері туралы болжамдар назарға алынады.
  • Қай бағытта қанша маман қажет екені есептеледі

Жаңа ережелер бойынша денсаулық сақтау жүйесіне қажетті дәрігерлер саны алдын ала болжанады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу