Елімізде дәрігерлерге жолдама алу тәртібі өзгереді

340

Лор, эндокринолог сияқты арнайы дәрігерлерге кіру үшін енді терапевтен жолдама алудың қажеті болмайды.   

Елімізде дәрігерлерге жолдама алу тәртібі өзгереді Фото: mediterra.kz

Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрі мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ақмарал Әлназарованың айтуынша, бұл жалпы тәжірибелік дәрігерлердің жүктемесін азайтады. Әрі науқастар уақытын жоғалтпайды. Бұдан бөлек, Астанада 7 аурухана салынатынын айтты. Әрі процестерді оңтайландыру нәтижесінде қолданыстағы анықтамалардың 27-сі қысқартылмақ.

"Негізі 10 жаңа нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізіліп жатыр. Ол осы халықтың көтеріп жатқан мәселесі. Енді кәсіби дәрігерге көріну үшін терапевтке жазылудың қажеті жоқ. Тек кәсіби дәрігерлерге тікелей бара аласыз. Дегенмен бұл мәселе әлі де қарастырылу үстінде. Біз 1 наурыздан бастап бұл мәселені қолға алдық. Медициналық сақтандыру қорымен қаржыландыру мәселесін пысықтап, айыппұл салмауды да талқылап, ішкі жұмыстарды үйлестіріліп жатырмыз. Хат негізінде жібердік, бірақ бұйрық енді шығады, - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Өзгерген стандарттарға сәйкес енді негізгі 8 қызмет бойынша дәрігердің жазылуынсыз көмек алуға болады.

Сонымен қатар, министр жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған талдаулар тізбесі қысқарып, олардың қолдану мерзімін ұзарту мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу