Елімізде декларация тапсыру жеңілдейді

425

Бастапқыда жалпыға бірдей декларацияға кіру үшін 250-ші бап көрсетіледі.

Елімізде декларация тапсыру жеңілдейді Фото: Ашық дереккөз

Елімізде декларация тапсыру жеңілдейді. Салық кодексіне енгізілген түзетулер бойынша қазақстандықтар 15-ші қыркүйекке дейін есеп беруі тиіс. Бұл бірыңғай мерзім және қазіргі процеске қарағанда жақсы,- дейді Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов. 

Себебі, бүгінде жеке тұлғалар 15-ші шілдеге дейін қағаз жүзінде, 15-ші қыркүйекке дейін электронды түрде өткізеді. Бұдан бөлек, тек жалақыға күн көріп жүрген азаматтардан табыс декларациясы сұралмайды. 

"Біз олардың деректерін жалақы беретін мекемелердің 200 нысанасы арқылы көре аламыз. Сондықтан жеке азаматтарға декларацияны тапсыру керек емес. Бірақ айта кету керек концепция сақталу үшін бастапқыда жалпыға бірдей декларацияға кіру үшін 250-ші бап көрсетіледі. Сол бапқа байланысты барлық активтер көрсетіледі", – деді ҚР Қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу