Елімізде демалыс күндері 20 адам суға кеткен

750

Елімізде демалыс күндері 20 адам суға кеткен

Қазақстан Республикасы ішкі істер министрілігі төтенше жағдайлар комитетінің мәліметіне қарағанда демалыс күндері елімізде жиырма адам суға кеткен. Олардың арасында балалар да бар, деп хабарлайды 24.kz.

Атап айтқанда, шілде айының 8-9 күндері Шығыс Қазақстан облысында бес адам қайтыс болды. Қызылорда мен Қарағанды облысында үш, Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облысында екі, Қостанай мен Батыс Қазақстан облысында бір адам суға кеткен. Алматы мен Астанада да бір-бір оқиға тіркелді.

Көбі тыйым салынған жерлерде суға шомылған. Қауіпсіздік ережелерін сақтамау соңы қайғыға ұласып отыр.

Төтенше жағдайлар комитеті демалушыларды сақтық шараларын сақтауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу